Алқымазу - жылқының төрт жасқа шыққанда жарып шығатын ұрт азуының арғы жағынан асты-үстіне үш-үштен орналасқан тістер. Алқымазу жарып шығу жылқының ұрғашысының байтал жасына жеткендігін, еркегінің бесті болғандығын айғақтайды. Мұндай жастағы жылқыларды күші қайтады деп бәйгеге қоспайды және үйірге салмайды. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Дереккөздер
Санат:Жылқылар Санат:Мал шаруашылығы