нобай|Қазақстандық әйел Әйел — ересек жастағы адам баласының әйел жынысты өкілі. Бала немесе жасөспірім әйел жынысты адамды қыз деп атайды.

Көбіне әйелдерде жұп X-хромосомалары болады. Фертильді әйелдер, оған қоса, жүкті бола алады және жыныстық жетілуінен менопаузаға дейін бала туа алады. Жалпы, ұрықтың кейін қыз болатынын оның бір, не екі жыныстық хромосомасындағы бар, не белсенді SRY гені арқылы білуге болады. Әйел анатомиясын еркегінен айыратыны — әйел репродуктивті жүйесі, оған аналық без, жұмыртқа жолы, жатыр, қынап, сарпай жатады. Әйел адам көбіне кең жамбас белдеуі мен үлкен емшегі арқылы еркектен ерекшеленеді. Бұл ерекшелігі арқылы әйелдер бала туу және лактацияны жүзеге асырады. Әйелдердің көбіне беттері мен денелерінде шаш азырақ өседі, жалпы май ұлпасы ірірек болады және орта есеппен ер адамнан бойы аласалау және бұлшық еті жұқалау болады.

Адамзат тарихы бойы көп болған патриархат қоғамдарындағы әйелдердің гендерлік рөлі жиі олардың мүмкіндіктеріне және қабілетіне шектеу қоятын, осы себептен қазіргі замандағы елдің көбінде гендерлік теңсіздік әлі де бар. XX ғасырда біраз қоғамның әйелдерге қойған ереже мен заңдары жеңілдетілді де, әйелдер сол кезден бері түрлі мансаптар мен білім алу орындарына қол жеткізді. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық, отбасы, не қоғамдастық ішінде болсын, біраз қоғамдарда әлі де бар және жиі еркектер тарапынан орын алады. Кейбір әйелдердің репродукциялық құқығы жоқ. Феминизм қозғалыстары мен идеологиялары мақсатын жыныстар теңдігіне қол жеткізу қылды.

Кейбір әйелдер — трансгендер әйелдер, бұл дегеніміз олар туғанында еркек еді. Кейбір әйелдер — интерсекс, бұл дегеніміз олардың анатомиясы көпшілік мақұлдаған әйелдер анатомиясына келе бермейді.

Этимологиясы нобай|оңға|Төрт түрлі ұрпаққа тиесілі әйел-қыздар, сол жақтан оңға қарай: нәрестесі, анасы, әжесі және үлкен әжесі Қазақ тіліне әйел сөзі араб тіліндегі (ʕiyāl, йиәәл) сөзінен бейімделіп келген. Әйелдерге құрметпен айтатын ханым сөзі парсы тіліндегі (хоным) сөзінен келген.

Терминологиясы Әйел сөзі қазіргі заманда адамның ұрғашын да, отбасыдағы күйеудің жұбайын да білдіре алады.

Бұрын, әйел сөзінің орнына қатын сөзі қолданылатын. Түркітанушы Талғат Жұмағанбетов сөзінше, XX ғасырға дейін қатын деп белгілі адамдардың қыздары мен әйел жұбайларын атайтын, алайда қазіргі заманда бұл сөз көбіне жағымсыз мағына береді.

Биологиясы нобай|оңға|Ересек әйел адамның (сол жақта) фотографиясы, жанында ересек еркек адам бейнеленген. нобай|оңға|Жүкті әйел Әйел мен еркек адамдардың биологияларында бірнеше айырмашылық бар. Жыныс мүшесі сияқты кейбір ерекшелігі көрінетін болса, ішкі анатомия мен генетика сияқты ерекшеліктерді адам өз көзімен байқай алмайды.

Генетикалық ерекшелігі Көбіне, әйелдердің гендерінде екі X-хромосомалар бар. Еркектерде бұның орнына X пен Y деген екі түрлі хромосомалар табуға болады. Ұрықтың бастапқы даму кезеңдерінде ұрықтардың бәрінде де 6–7 аптаға дейін әйел сыртқы жыныс ағзалары (гениталиясы) болады, бірақ кейін ер ұрықтардағы SRY генінің әсерінен бұл сыртқы жыныс ағзалары атабезге айналады. Әйелдердің жыныстық ерекшеленуі жыныс гормондарының қатысуынсыз жүреді. Адам баласының митохондриялық ДНҚ-ны анасынан алған себебінен генеалогиядағы адамның ана бабаларын табу жеңілдеу.

Гормоналды ерекшелігі, етеккір

Жыныстық жетілу кезінде қыздар денесі фертилизация арқылы жынысты көбеюге қабілетін алады. Гипофизден келетін химиялық белгілерден аналық без денедегі етеккірге әкелетін гормондар жасайды, нәтижесінде қыздың бойы мен салмағы өседі, шашы ұзарады, емшегі жетіледі және менархе орын алады.

Қыздардың көпшілігі менархені 12–13 жасында бастан кешеді, одан кейін олар жүктілік пен бала туу қабілетіне қол жеткізеді. Жүктілік аналық жыныс жасушасының спермадан ұрықталуы себебінен орын алады. Бұған жыныстық қатынас және жасанды ұрықтандыру жол бере алады. Өзге ірі жануарлар сияқты адамдар көбіне бір жүктіліктен бір-ақ балаға ғана өмір береді, алайда оларды өзге ірі сүтқоректілерден нәрестенің дамымай туатыны ерекшелейді, яғни, нәресте аса әлсіз және қабілетсіз болып дүниеге келеді, өсейгеніне дейін өмір сүруі үшін ата-аналарының көмек пен қолдауын қажет етеді. Кейде әйел адамдар бірден бірнеше балаға да өмір бере алады, көбіне бұл балалар егіз болады.

Көбіне 49–52 жастар аралығында әйелдер менопаузаға жетеді. Бұл кезде олардың етеккірі мәңгіге тоқтайды да, олар бала көтеру қабілетінен айырылады. Басқа сүтқоректілердің біразынан ерекшелігі, әйел адамдар менопаузадан кейін де біраз жыл өмір кешеді. Біраз әйел осындай кезде әже болады да, немересі, не басқа да туыстарын қарап жүреді. Менопаузадан кейін ұзаққа созылатын әйелдердің өміріне ғалымдар түрлі себеп бола алатын теория береді.

Морфологиялық және физиологиялық ерекшелігі Биология саласында әйел жыныстық органдары көбею жүйесіне қатысса, екінші реттік жыныс белгілері лактация орындау мен еркектерді өзіне тарту істерін жүзеге асырады. Адамдар — ұрықжолдастылар, яғни ұрық анасының жатырында дамиды және плацентасы бұл болашақ нәрестені қоректендіреді де, қалдықтарын сүзеді.

нобай|солға|Нәрестесін лактация арқылы қоректендіріп жатқан әйел адам

Әйелдердің ішкі сыртқы жыныс ағзалары қатарына аналық без, аналық жыныс жасушасы, жұмыртқа жолы, жатыр, жатыр мойыны, қынап, т.б. жатады.

Сарпай (әйел сыртқы жыныс ағзалары) күйіттік, ірі жыныстық ерін, кіші жыныстық ерін мен қынап кіреберісінен тұрады. Қынап кіреберісі жерінде қынап пен зәр өзегі ашылым жері орналасқан.

Сүт бездері — өзге де сүтқоректілерге тән аса ерекше дене бөлігі, лактация үшін қолданылады. Ересек әйелдердегі емшек басқа сүтқоректілерден ерекшеленіп тұрады.

Әйелдің басты жыныстық гормоны делінетін эстроген әйел денесінің пішініне үлкен әсер етеді. Эстроген еркек денесінде де, әйел денесінде де пайда болады, алайда әйелдерде оның деңгейі аса үлкен болады, әсіресе бала көтере алатын жасында. Басқа функцияларынан тыс эстроген әйел екінші реттік жыныс белгілерін, мысалға емшек пен санды дамытады. Эстроген арқылы жыныстық жетілу кезінде қыздарда емшегі дамиды, саны кеңейеді. Бұл кезеңде қыздардағы тестостерон эстрогенге қарсы жұмыс істейді де, кейде емшек дамуын ақырындатады, бұлшық ет пен беттегі шаш дамуын арттырады.

Жыныс бойынша адам таралуы Бала туғанда оның қыз болу ықтималдығы ұл болуынан сәл төмендеу (коэффиценті 1:1,05). 2015 жылғы бүкіл адамзаттың жыныс бойынша бөлінісінде әр 1018 еркек үшін 1000 әйел бар болған.

Интерсекс әйелдер

Интерсекс әйелдер деп біз еркектікі де, әйелдікі де саналмайтын жыныстық мүшесі бар әйелдерді айтады. Бұған қарамастан олардың көпшілігі туғанында әйел деп белгіленеді және бұл іс жиі шулы болады. Интерсекс туған әйелдер басқа әйелдерден жиі көбірек ЛГБТ мүшелері болады.

Сексуалдығы және жынысы

нобай|оңға|Әйелдердің көпшілігі гетеросексуал (еркектерді ұнатады) және цисгендер (туғанында әйел болған және өзін әйел дейді) Әйелдердің сексуалдығы әртүрлі болады және оның мінез-құлқына біраз нәрсе әсер ете алады, соның ішінде эволюциялық психология, кісілік, тәрбие және мәдениетті айта кетсек болады. Әйелдердің үлкен көпшілігі гетеросексуал болса да, ірі лесбиян және бисексуал азшылықтары да бар.

Мәдениеттердің көпшілігіндегі бинарлық гендер жүйесі бойынша әйел бір жыныс болса, басқа жынысы — еркек. Басқа мәдениеттерде үшінші жыныс та бар.Kevin L. Nadal, The Sage Encyclopedia of Psychology and Gender (2017, ), p. 401: "Most cultures currently construct their societies based on the understanding of gender binary—the two gender categorizations (male and female). Such societies divide their population based on biological sex assigned to individuals at birth to begin the process of gender socialization."

Әйелдердің көпшілігі — цисгендер, яғни олар туғанында әйел делінеді және өзін де әйел дейді. Кейбір әйелдер — трансгендерлер, яғни туғанында олар ерлер еді. Транс-әйелдер кейде гендерлік дисфорияға тап болды, яғни олар гендерлік сәйкестігі мен туған кезіндегі жынысы арасындағы сәйкессіздіктен күйзеліске тап болады, өз денесінде өзін жаман сезінеді. Транс-әйелдер жиі жынысын растайтын қамқорлық () делінетін әлеуметтік және медициналық көмек арқылы гендерлік дисфорияға қарсы күреседі. Жынысын әлеуметтік түрде ауыстыру қатарына өзіне жаңа есім беру, киім үлгісін өзгерту, қолданатын есімдігін ауыстыру жатады. Жынысын медициналық түрде ауыстыру қатарына эстроген гормондарын алу және осылайша екінші реттік жыныс белгілерін (емшегі, санын кең қылу) әйелдердікіндей қылу және жынысын ауыстыру бойынша ота жасау жатады.

Денсаулығы Ерлермен салыстырғанда әйелдердің денсаулығындағы ерекше факторлар көбею жүйесімен байланысты факторларда айқынырақ көрінеді, бірақ жыныс бойынша ерекшеліктер молекулярлық шкаладан мінез-құлық масштабына дейін де анықталған. Бұл айырмашылықтардың кейбірі кішігірім ғана және оларды түсіндіру қиындау; ішінара тән биологиялық факторларды бар қоршаған ортаның әсерінен бөлу қиынға соғады.

Кейбір аурулар көбіне әйелдерге, не мүлдем әйелдерге ғана тиеді. Бұл аурулар қатарында сүт безінің обыры, жатыр мойыны обыры және аналық без обыры сияқтылар бар. Әйелге ғана тән көбею жүйесінің органдарымен жұмыс істейтін медицина саласын гинекология («әйелдер ғылымы») дейді.

Аналардың өлімі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) аналардың өлімін «әйелдің жүкті болған кезінде, не жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн ішінде қайтыс болуы, жүктіліктің ұзақтығы маңызынсыз» деп түсіндіреді. Ол, оған қоса, жүктіліктің ұзақтығы анықтаманы өзгертпейді деген. 2008 жылы ДДСҰ жыл сайын жүктілік пен босанудың асқынуынан 500 000-нан астам әйел қайтыс болатынын және кем дегенде жеті миллионнан астамы ауыр денсаулық проблемаларына тап болатынын, ал 50 миллионнан астамы босанғаннан кейін ауыратынын хабарлады. Акушерлік біліктілікті арттыруды қолдау үшін ДДСҰ Қауіпсіз Ана Болу үшін Әрекет (Action for Safe Motherhood) акушерлерді оқыту бағдарламасын құрды.

2017 жылы ана өлімінің 94%-ы табысы төмен және төмендеу орта табысы бар елдерде орын алған. Ана өлімінің шамамен 86%-ы Суб-Сахаралық Африка мен Оңтүстік Азияда орын алады, Суб-Сахаралық Африкада шамамен 66% және Оңтүстік Азияда шамамен 20%. Ана өлімінің негізгі себептеріне преэклампсия мен эклампсия, қауіпті аборт жасау, безгек және АИТВ/ЖИТС-тен жүктіліктің асқынуы, босанғаннан кейінгі ауыр қан кетуі мен инфекциялар жатады.

Ғұмырының болжалды ұзақтығы нобай|оңға|Қызғылт: Туғанында әйелдердің еркектерге қарағанда өмір сүру ұзақтығы үлкен елдер. Көк түсті елдерде бұл көрсеткіш ЖИТС себебінен керісінше. Әйелдер ғұмырының болжалды ұзақтығы көбіне ерлердікінен ұзақ болады. Бұл артықшылық қыздың туған сәтінен бар; қыз нәрестенің тұңғыш жылы бойы тірі қалуы ұл нәрестемен салыстырғанда ықтималдырақ. Дегенмен, бұл орын мен жағдайға байланысты өзгереді. Мысалы, әйелдерге қатысты кемсітушілік нәтижесінде Азияның кейбір бөліктерінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығын қысқарған, сондықтан ол жердегі ер адамдар әйелдерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді.

Өмір сүру болжалды ұзақтығының айырмашылығы ішінара биологиялық артықшылықтарға байланысты және ішінара ерлер мен әйелдер арасындағы жыныстық мінез-құлық айырмашылықтарына байланысты деп саналады. Мысалы, әйелдердің темекі шегу және абайсыз көлік жүргізу сияқты зиянды мінез-құлықпен айналысу ықтималдығы аз, сондықтан мұндай себептерден алдын алуға болатын мезгілсіз өлім аз болады.

Ұрпақ жаңғырту денсаулығы

нобай|оңға|Әйелдің аборт жасауына құқығын талап етіп жатқан наразылар, Америка Құрама Штаттары, 2022 жылғы мамыр Ұрпақ жаңғырту денсаулығы — әйелдің ұрпақ табуы және көбею жүйесіне қатысы бар құқығы. Гинекология және акушерлік халықаралық федерациясының анықтамасы Ұрпақ жаңғырту денсаулығын осылай түсіндіреді: