Бөнтір - талдан иіп, конус тәрізді етіп жасалған аудың бір түрі. Төрт бес жерден шеңберлеп жасаған бөнтірдің кірер аузы болады. Алғашқы шеңберден еткен балық екінші, үшінші, бесінші шеңберден - екі құлашқа жуық жерден өтіп, қайтадан кері шыға алмай, қазанға жинала береді. Кейбір әдебиеттерде бөнтірді қазақтар Дунай аңғарынан келген қоныстанушылардан үйренген деседі. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология