Біртұтам - бір қолымен сығымдап ұстағанда төрт бес еліге тең ұзындық өлшемі. Бұл өлшем тағы басқа да дәстүрлі өлшемдермен қатар қазақтың тіршілік қамы жүйесінің барлық салаларында қолданылды. Мысалы, қамшы сабының ұзындығы екі-үш тұтамнан кем болмау керек, ал, қамшының басы сабынан бір тұтамға ұзын жасалуы керек деген сияқты.

Сондай-ақ қысқа, келте, аласа, пәс деп келетін шағын заттардың немесе құбылыстардың метафоралық эквивалентгері ретінде де қолданылды. Мұның айқын мысалы ретінде «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам» деп келетін белгілі мақалды келтіруге болады. Мұнда біртұтам ұғымының қолданысы аллегориялық, метафоралық тәсілі арқылы алдаудың, өтірік айтудың «ғұмырының» тым келте екендігін көрсетіп отыр. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

Дереккөздер

Санат:Мәдениет Санат:Терминология