Бозой үстірті – Тауқұм құмды алқабының оңтүстігінде, Ащысу және Күрті өзендері аралығында жатқан үстіртті жазық.
Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан. Бозой үстіртінің орташа биіктігі 400 – 500 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 45 – 50 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері оңтүстігінде (Қазбек тауы, 785 м).
Геологиясы, климаты Үстірт жоғары тас көмір – төменгі пермь жүйелерінің жыныстарынан түзілген. Климаты тым континенттік, қаңтарда ауаның орташа температурасы –10°С, шілдеде 25°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 – 300 мм.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары Санат:Үстірттер