Степное — Қостанай облысы Жітіқара ауданындағы ауыл, Степной ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жітіқара қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 64 км жерде, Орал сырты үстіртінің етегінде, дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1337 адам (648 ер адам және 689 әйел адам) болса, 2009 жылы 1090 адамды (521 ер адам және 569 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1954 жылы тың игеруге байланысты қаланған. 1996 жылы кеңшар негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Степное жанынан Жітіқара–Аққарға автомобиль жолы өтеді. Ең жақын темір жолы станциясы — Жітіқара (64 км).«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9.
Дереккөздер
Санат:Жітіқара ауданы елді мекендері