Ботабөрім, Ботабұрым – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысының Балқаш ауданы, Жамбыл облысының Шу ауданы жерлерімен ағады.
Бастауы Шу-Іле тауларындағы Айтау сілемінің оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Іле өзені алабындағы Жалпақшидің құрғақ арнасына 10 км жетпей тартылып қалады.
Гидрологиясы Ұзындығы 85 км, су жиналатын алабы 858 км2. Өзен суы ақпан – маусым айлары аралығында молаяды. Суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Шу ауданы өзендері Санат:Іле су алабы