Бұғылы – Сарыарқаның орта тұсындағы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданында, Сәкен Сейфуллин кентінің солтүстік-шығысында орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 1187 м (Бүркіт тауы). Тау оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 40 км-ге созылған, ендірек жері 15 км.

Жер бедері Шығысында Шерубайнұра өзені ағып өтеді. Беткейлері қатты тілімденген.

Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір дәуірінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Батыс бөлігінде таулы жердің қиыршықтасты сұр, шығысында ақшыл қоңыр топырағы қалыптасқан. Мұнда тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. шөптер өседі, таудың солтүстік етегінде бұталы тоғай кездеседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары