Бұзаубас сораң немесе Сораңшөп () – Қызылқұйрық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жер жүзінде 30 түрі бар. Қазақстанда 1 түрі - Еуропа бізбелдігі немесе Бізбелдік кездеседі.

Түрлері

Тропиктік және субтропиктік белдеулердің жылы аймақтарында кездесетін 60 түрі белгілі.Global Biodiversity Information Facility (2007). "Salicornia" webpage retrieved шілде 14, 2007.

Жиі кездесетін түрлері: Salicornia virginica Salicornia europaea Salicornia bigelovii Salicornia perennis Salicornia ramosissima Salicornia maritima Salicornia brachiata

Қазақстанда теңіз, көл жағалауларында, сор, сортаңды жерлерде өсетін 1 түрі – қызыл бұзаубас сораң () бар. Биікт. 5 – 30 см. Негізінен тік өсетін, көбінесе қызғылт түсті сабағынан, жалаң, көп буынды бұтақтары шығады. Жапырақтары өте ұсақ. Гүлдері қос жынысты, үштен бірігіп, сабағының етті ұлпаларынан жетіліп, олар масақша гүлшоғырын құрайды. Маусым – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – домалақ. Дәрілік өсімдік. Күзде, қыста Бұзаубас сораңды түйе мен қой сүйсініп жейді.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы Санат:Қазақстан табиғаты