Бұршақ бітесі () – теңқанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік. Дүние жүзінде кең тараған. Қазақстанның орманды-дала және далалы аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 4 – 5 мм-дей, жасыл түсті. Бұршақ бітесі – ас бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқасы, беде, эспарцет, т.б. бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктердің қауіпті зиянкестері. Бұршақ бітесі күзде бұршақ тұқымдас өсімдіктерге жұмыртқа салады. Қыстап шыққан жұмыртқалардан ерте көктемде дернәсілдер жетіліп шығып, олар ұрғашы бітеге айналады. Көктемнен күзге дейін 10 ретке дейін партеногенездік (жыныссыз) жолмен көбейеді. Бір ұрпақтың жетілуіне 10 – 15 күн керек. Әсіресе, жауын-шашынды жылы тым көбейіп кетеді. Бұршақ бітесі түскен өсімдік әрі қарай өспей, бірте-бірте солып, қурап кетеді. Күрес шаралары: егістікке культивация жүргізу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге инсектицидтер шашу.Қазақ Энциклопедиясы II том
Дереккөздер
Санат:Жартылай қатты қанаттылар