Есенаңқаты – Жайық алабындағы өзен.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерінде. Ұзындығы 130 км, су жиналатын алабы 1860 км2.

Бастауы Шыңғырлау өзенімен қатарласа созылып жатқан биік жонның солтүстік жағынан (160 – 190 м) басталады да Шалқар көліне құяды.

Гидрологиясы Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Арнасының ені 20 – 30 м, жағасы жайпақ. Салалары Жандыбұлақ, Көпіраңқаты (ұзындығы 45 км), Аңқаты (29 км). Жылдық орташа су ағымы 0,14 м3 /с. Егістік, шабындық суғарылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері