Қалдыбай Қангелдіұлы (XVII ғ) - батыр, қоғам қайраткері. Қазақ Ордасын жоңғар басқыншылығынан қорғауда көзге түскен. 1681- 84 жылы Сайрам маңындағы соғыстарда ерлік көрсеткен. Қазіргі Өзбекстан жерінде ел билеп, «қарадан шыққан хан» атанған. Пұсырманұлы Қарабас, Жарас батырлардың, Шекті Мөңке бидің ұстазы. Түркістан қаласында бір көше Қалдыбай Қангелдіұлы есімімен аталады. Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Тұлғалар