Петр Борисович Вихрев (11. 3.1909, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы - 16.11. 1941, Мәскеу облысы Волоколам ауданы Петелино деревнясы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, ротаның саяси жетекшісі,орыс. Соғысқа дейін Алматыда тұрып, аяқ киім фабрикасының директоры болды. Кеңес әскеріне қарасты 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкі кұрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1941 жылы 14-15 қазанда Волоколам бағытындағы Булычено деревнясы маңында Вихрев рота жауынгерлерімен бірге жаудың 4 танкісін жойды. 16 карашадағы ұрыста 14 жауынгер 5 танкіні, ал Вихрев 3 танкіні өртеп жіберді. Сөйтіп ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Вихревке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (31.3. 1943Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза начальствующему и рядовому составу Красной Армии» от 31 марта 1943 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1943. — 9 апреля (№ 14 (220)). — С. 1). Ленин орденімен марапатталған.Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1909 жылы туғандар Санат:1941 жылы қайтыс болғандар