Гилемхан Идрисович Идрисов(16.9.1913, Башқұртстан, Благовир ауданы, Новобаженово кенті - 5.2.1977, Қостанай қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия аға сержанты, зеңбірек командирі.
Кеңес әскері қатарына мамыр айында шақырылып, сол жылдың қарашасында майданға жіберіледі, 290-атқыштар полкі (1-атқыштар майданы, 5-гвардиялық армия, 95-гвардиялық атқыштар дивизиясы) зеңбірек артиллериясының командирі, аға сержанты. Идрисов 1945 жылы қаңтарда болған шайқаста көздеу арқылы жаудың 1 пулемет нүктесі мен ондаған жауынгерін жойды. Жаяу әскердің қасында жүріп, Пиньчув қаласы (Польша) маңында жаудың 2 қол пулеметі мен зеңбірегін талқандап, ондаған жауынгерін жер жастандырды. Пиньчув қаласының оңтүстігінде Нида теңізінен өтіп, Идрисовтың тобы зеңбірек оғымен атқыштар бөлімшесіне плацдармды басып алуға және Одер өзенінен өтуге қолдау көрсетті. Осы ерлігі үшін Идрисовқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.1.1945).
Соғысты Чехословакияда аяқтады. Соғыс аяқталған соң елге оралып, ауылдық кеңестің төрағасы қызметін атқарды.
Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:16 қыркүйекте туғандар Санат:1913 жылы туғандар Санат:Благовар ауданында туғандар Санат:5 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Башқұртстанда қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:КСРО аға сержанттары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Даңқ орденінің иегерлері Санат:Ерлігі үшін медалінің иегерлері (КСРО) Санат:Сталинградты қорғағаны үшін медалінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы артиллеристері Санат:Башқұртстанда жерленгендер