Геннадий Владимирович Носоновский (29.3.1951 жылы туған, Алматы қаласы) - әскери қызметкер, генерал-майор (1995).

Ташкент жоғары техникалық командалық училищесін (1973), Сауытты танк әскерлерінің әскери академиясын (1985) бітірген. 1973— 93 жылы танк взводы командирінен танк дивизиясы командирінің орынбасары - штаб бастығына дейінгі қызметтерді атқарды. 1993-94 жылы ҚР ҚК Бас штабының жедел басқармасында әскери дайындық тобының бастығы, 1994—99 жылы корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы, 1999 жылы ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары-жедел жоспарлау департаментінің бастығы, корпус командирінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Әскери округтер қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х

Дереккөздер

Санат:29 наурызда туғандар Санат:1951 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Ташкент жоғары техникалық командалық училищесі түлектері Санат:Сауытты танк әскерлерінің әскери академиясы түлектері