Кузьма Александрович Семенченко (3 шілде 1896, Украина, Чернигов облысы, Ичня ауданы, Мартыновка селосы - 1965, Грузия, Тбилиси қаласы) — 1- және 2-дүниежүзілік соғысқа катысушы, генерал-майор, дивизия командирі.
Өмірбаяны Украин. 1909 жылы Павлодар облысы, Успен ауданына қоныс аударған.
1919 жылдан әскери қызметте болып, 1918-20 жылдары Азаматтық, 1941—45 жылдары Ұлы Отан соғыстарына қатысқан. Оңтүстік-Батыс майданында 5-армия 22-механикаландырылған корпус 19-дивизияның командирі Семенченко соғыстың бастапқы кезеңінде Владимир - Волынь тас жолы арқылы Войница, Александрия (Украина, Волынь облысы, Локачи ауданы) аймақтарында күші басым жаумен шайқаса отырып, дивизия бөлімдерін қоршаудан аман-есен алып шықты, әрі жаудың танк легінің ілгері жылжуын бөгеді. Осы ұрыстарда өз дивизиясын шебер басқара білгені үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Семенченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (22.7.1941)Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генерал-майору танковых войск Семенченко К. А.» от 22 июля 1941 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1941. — 26 июля (№ 33 (108)). — С. 1..
1945 жылы Мәскеу Әскери академиясын бітірді. 1947 жылы запасқа шығып, Тбилиси қаласында тұрды.
Естелік пен марапаттары Павлодар қаласындағы бір көшеге есімі беріліп, Успенка селосында мемориалдық тақта орнатылған.
2 Ленин, Қызыл Ту, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Дереккөздер
Санат:КОКП мүшелері Санат:Бас штабтың Әскери академиясы түлектері