Ескі Қалқұтан (Ескі Колутон) — Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ауыл, Ескі Қалқұтан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Астраханка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 45 км жерде, Қалқұтан өзенінің оң жағасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1043864 544 63 400 277 69,3 464 267 57,5
Ауылда май зауыты, аурухана, орта мектеп, кітапхана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Ең жақын темір жол станциясы — Қалқұтан (4 км).
Тарихы Іргесі 1876 жылы қаланған. 1896 жылы онда 2 кластық бастауыш мектеп ашылды. 1929 жылы “Зеленый луч” ұжымшары ұйымдастырылды (1938 жылдан “Заветы Ильича” ұжымшары). 1957 жылдан “Колутонский” ауылдық кеңесі мен кеңшар орталығы болып келді.
Дереккөздер
Санат:Астрахан ауданы елді мекендері