Жәке Қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр жоталары) — би, шешен. Абақ Керей тайпасының Меркіт http://kerey.kz/?p=10968 руынан шыққан.
Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған.
1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, Найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, “керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, Қобданы билеген қытай ұлықтары, салық салу, жер мәселесін Жәке бимен келісіп шешкен. Жәке ел ішінде сауат ашу ісіне де ат салысып, 1889 ж. Ласты өзеннің бойынан медресе ашқан. Зайсаннан Нұғман қазіретті шақыртып, бала оқытқан. Сол медресе кейін “Жәке медресесі” аталып кеткен.
Жәке бидің айтқан билік, нақыл сөздері Алтай аймағының орталық Сарсүмбе қаласынан шыққан “Таң шолпан” журналының 1947 жылғы 2-санында жарияланды.
1944 ж. немересі Қабыл тәйжінің аузынан І.Омаров жазып алған Жәкенің шешендік сөздері М.Әуезов мұражайында сақтаулы тұр.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Абақ керей шежіресі, Ү., 1996Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер
Санат:1830 жылы туғандар Санат:Зайсан ауданында туғандар Санат:1914 жылы қайтыс болғандар Санат:Қытайда қайтыс болғандар Санат:Қазақ би-шешендері Санат:Қытай қазақтары