Асқат Расулұлы Жіткеев (13 сәуір 1981 жылAskhat Zhitkeyev, Ақсу ауданы, Жансүгіров қаласы, Алматы облысы) – қазақстандық балуан, дзюдошы. Самбомен де, қазақша күреспен де айналысқан.

Өмірбаяны Бейжің Олимпиадасының 100 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының дзюдодан ұлттық ерлер құрама командасының бас жаттықтырушысы (2010 жылдың Желтоқсан айынан бері).

2008 жылы Тамыздың 28-і Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде Асқат Жіткеев атындағы зал ашылады. Бұл залда жас спортшыларға арналған шеберлік сыныптары өткізіледі.

Бірінші бапкері — Саяхат Құдайбергенов.

Жетістіктері

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Пекин, 2008); Сидней, 2000; Афины, 2004 Олимпиадаларына қатысқан Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Мюнхен, 2001); Азия чемпионы (2003; Алматы, 2004); Азия күміс жүлдегері (Ташкент, 2005); Әлем суперкубогының күміс жүлдегері (2001, Германия); Азия ойындарының қола жүлдегері (2002, 2006); Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.

Марапаттары Қазақша күрестен спорт шебері, дзюдодан, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi

Дереккөздер

Сілтемелер

Асхат Жіткеев Асхат Жіткеев ҚДФ

Санат:Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберлерi Санат:Қазақстан дзюдошылары Санат:1981 жылы туғандар Санат:Қазақстанның Олимпиада күміс жүлдегерлері Санат:13 сәуірде туғандар Санат:Алфавит бойынша дзюдошылар Санат:2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Парасат орденінің иегерлері Санат:2000 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Санат:Дзюдодан Азия чемпиондары Санат:Қазақстан чемпиондары