Қорғас – Іле алабындағы өзен. Қазақстан мен Қытай арасындағы мемлекеттік шекара бойында орналасқан.
Географиялық орны Жетісу облысының Панфилов ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 176 км, су жиналатын алабы 1310 км2. Жалпы ұзындығы 270 км-ден асатын 170-тен астам салалары бар. Қазақстандағы ең ірі салалары: Күзембайсай, Нанзышоқы (Қарасу), Шұқырбұлақ, Желдісай, т.б.
Бастауы Бастауын Бежінтау жотасының оңтүстік-шығысындағы Қорғас тауының (Қытайда) солтүстік баурайынан алып, Іле өзенінің оң жағынан құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысы тар шатқалмен ағып, Басқұншы ауылы тұсында таудан шығып, ағысы баяулайды, аңғары кеңейеді. Көп жылдық орташа су ағымы Алмалы өзені сағасынан төменде 16,5 м3/с. Басқұншы, Алмалы ауылдары тұсынан бірнеше каналдар (Бозарық, т.б.) тартылған. 20-ға жуық шағын салалары бар. Жағалауы мал жайылымы.Қазақ энциклопедиясыҚазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Панфилов ауданы өзендері Санат:Қытай өзендері