Ұлыкөл — Есіл алабындағы тұщы көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының Березовка ауылынан солтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, теңіз деңгейінен 235,3 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 19,1 км 2, ұзындығы 5,6 км, ені 4,3 км, жағалауының ұзындығы 16,8 км, ең терең жері 3,2 м. Жағасы көбіне құлама жарлы болып келеді, оңтүстік-батысы мен солтүстік-батыс жағасы жайпақ. Түбі тегіс, сазды. Қар және жауын-шашын суымен толығады. Су жиналатын алабының 30%-ы жыртылған, қалған бөлігіне бетегелі-жусанды шөптесін өсімдіктер өскен. Көл суын маңындағы шаруашылықтар пайдаланады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы