Бөрдек —— қымыз немесе шарап ашытатын торсық, ыдыс; Иленген, ысталған көннен (теріден) істелетін ыдысты Кавказдың түркі халықтары бүрдүк дейді. Осы сөз қазақ тілінде Бөрдек болып қалыптасқан. Түркі тілдеріндегі үлкею, бұртию, қампию мағынасын білдіретін бөр, бүр, тұлғалы сөздеріне есім тудыратын — дүк, жұрнағы жалғану арқылы (түндүк, күздік сияқты) Бөрдек атауы жасалған. Дереккөздер “Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том