Фазылағзам Ақатайұлы Әлиханов (1891 жыл, бұрынғы Семей облысы Өскемен уезі Себе болысы — 27 ақпан 1938 жыл, Алматы) — Алаш қозғалысының қайраткері, инженер-архитектор, экономист.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Найман тайпасының Саржомарт руынан шыққан.

Ауқатты отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Тілеуберді Қозыбайұлы Көкпекті округінің аға сұлтаны, бергі атасы Әлихан Саржомарт өз елінің болысы болған. Әлиханов әуелі Өскеменде, кейін Омбыда оқыды. Сонда жүріп қазақ жастарының “Бірлік” қауымына мүше болды. 1917 — 19 жылдары Омбы, Семей, Өскеменде Алашорда істеріне белсене араласты. “Алаш” партиясының жергілікті ұйымдарының қызметін жолға қоюға атсалысты. 1920 жылы Қазревкомның Өскемен уезі бойынша уәкілі. 1922 жылы Семей губаткомы төрағасының орынбасары болды. 1930 жылға дейін Қазақстан астаналары Орынбор, Қызылорда, Алматыда әр түрлі жауапты басшы қызметтер атқарды. 1930-жылдары Қазақ АКСР-ы Тамақ өнеркәсібі халкоматында инженер-экономист болды. Сәулетші ретінде өндіріс орындарын салуға (Балқаш балық комбинаты, Алматы сыра зауыты т.б.) көп еңбек сіңірді. КСРО Жоғарғы соты Әскери Алқасының үкімімен “халық жауы” аталып, 1938 жылы 27 ақпанда атылды. 1957 жылы 26 маусымда толық ақталды.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7

Дереккөздер

Санат:1891 жылы туғандар Санат:Өскемен уезінде туғандар Санат:27 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Алаш қозғалысы мүшелері Санат:Қазақстан сәулетшілері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да ақталғандар