Ике Әділов (1881 жылы бұрынғы Семей облысы, Семей уезі, Шаған болысы - 1938 жыл, Семей) - Кеңес өкіметінің саясатына қарсы күрескен қайраткер, қазақ байы.
Тобықты ішінде Мотыш руынан шыққан.
Мұсылманша, орысша оқыған. Шаған еліне болыс болған. Алаш қозғалысына белсене атсалысып, облыстық, уездік қазақ съездеріне қатысты. Семейде құрылған алаш әскеріне, Алашорда қажетіне қаржылай жәрдем көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында жүргізілген әр түрлі саяси-экономикалық шараларға қарсылық көрсетіп, қарулы көтеріліс ұйымдастырған ел басшыларының бірі болды. 1928 жылы тәркілеу науқанында қарулы шайқасқа шықты. 1938 жылы Қытайда тұтқынға алынып, сол жылы Семейде атылды.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Дереккөздер
Санат:1881 жылы туғандар Санат:Семейде туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Семейде қайтыс болғандар Санат:Қазақ болыстары Санат:Алаш қозғалысы мүшелері Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстар қатысушылары Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:Қазақ байлары