Үміткер — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Үміткер ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ботақара кентінен солтүстік-шығысқа қарай 51 км-дей жерде, Сыртқысу өзенінің жағасында орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1401 864 693 80,2 460 363 78,9 404 330 81,7

Тарихы Іргесі 1935 жылы қаланған. Әуелі ұжымшар, ал 1961 жылдан Қ. Бабаев атындағы етті мал өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Үміткерде және округтегі Төрткөл, Үлгі ауылдарында Қ. Бабаев атындағы ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Үміткер арқылы Ботақара - Баянауыл автомобиль жолы өтеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері