Томарлы (2023 жылға дейін – Фёдоровка)Павлодар облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл, Томарлы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Тереңкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 38 км жерде, Ертіс маңы жазығында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1280954 843 88,4 451 411 91,1 503 432 85,9
Тарихы Іргесі 1900 жылдың басында қаланған. XX ғасырдың 30-жылдарының басында ұжымшар орталық болды. 1961 жылы ұсақ ұжымшарларды біріктіру негізінде құрылған өзімен аттас сүт өндіру бағытындағы ірі қара мал өсіретін кеңшардың орталығына айналды. 1995 жылдан кейін кеңшар таратылып, оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Фёдоровкада сондай-ақ машина-трактор жөндеу шеберханасы, май зауыты, сауда орталығы, т.б. мәдени-тұрмыстық мекемелер жұмыс істейді.
Дереккөздер
Санат:Тереңкөл ауданы елді мекендері