Фидер (— қоректендіру) — радиотехникада радиожиіліктегі тербелістерді тарататын желілер; көбіне радиотаратқыштың шығысын антеннамен және антеннаны радиоқабылдағышпен қосатын желі. Фидер ретінде параллель сымдардан тұратын симметриялық ашық желілер, симметриялық немесе коаксиальдық кабельдер қолданылады. Радиотаратқыш беретін энергияны кеңістікке шығынсыз тарату үшін фидердің толқындық кедергісі антеннаның кіріс кедергісімен үйлесуі керек.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Дереккөздер
Санат:Электроника
de:Feeder en:Feeder (disambiguation) nl:Feeder pl:Feeder ru:Фидер sk:Fíder