Халькопирит (грекше chalkos — мыс және пирит), мыс колчеданы — сульфидтер класына жататын минерал. Химиялық формуласы: CuFeS2, құрамы (%): Cu — 34,64, Fe — 30,42, қоспалары: Ag, Au, Tl, тағы басқалар. Тетрагоналды сингонияда кристалданады. Агрегаттары түйірлі, тұтас немесе сеппе түрінде болады. Түсі сары, металл тәрізді жылтыр, жымдастығы жетілмеген, электр тогын нашар өткізеді, 1000С-та балқиды. Қаттылығы Моос шкаласы бойынша 3 — 4, тығыздығы 4,1 — 4,3 г/см3. Халькопирит магмалық (негізді атпа тау жыныстарындағы мысты-никельді сульфидті кентастарда), гидротермалдық (жапсарлық, мысты-турмалиндік, мыс кентастарының сеппелі формациялары, колчедандық), шөгінді (мысты құмтастар мен тақтатастар) кендерде әртүрлі сульфидтермен бірге кездеседі. Қазақстанда Жезқазған, Қоңырат кендерінен табылған. Халькопирит — мыс алынатын негізгі кентас.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Шығу тегі Шығу тегі гидротермиялық, галенитпен және сфалеритпен байланысты полиметалл кендерінің құрамына кіреді, бірақ өзі үлкен кластерлер түзбейді. Ол метаморфтық процестерде де пайда болады, грейзендер мен скарндарда кездеседі. Жақын жер жағдайында тұрақсыз және ауа-райының бұзылуы кезінде ол тез бұзылып, екінші реттік мыс минералдарын түзеді. Ең маңызды мыс рудасы; кристалдар түрінде-құнды коллекциялық минерал.
Дереккөздер
Санат:Мыс минералдары Санат:Темір минералдары Санат:Сульфид минералдар