Мақсат Байжанов (06.08.1984 ж.), - Қазақстанның футболшысы. Мақсат Байжанов 1984 жылы тамыз айының 6-сында дүниеге келген. Жартылай қорғаушы. Футболшылық карьерасын Қызылорданың Қайсар ФК-ында бастаған. Қазақстанның құрама командасының экс-ойыншысы. Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2005 жылы қаңтардың 29-ында Жапония командасына қарсы болған матчта өтті.

Мансабы Клубтық Мақсат Байжанов - Қызылорда футболының тәрбиеленушісі. 2002 және 2004 жылдар арасында "Қайсар" футбол клубында ойнады. Келесі маусымды Павлодарлық "Ертіс" командасында бастады. Одан кейін, қайтадан "Қайсар" клубына келіп, 2008 жылға дейін ойнады. 2009 жыл маусымын Астаналық "Локомотив" командасында өткізді. 2010 жылдың бірінші жартысын "Ақтөбе" клубында ойнады, содан кейін трансферге қойылды. Екінші жартысын "Жетісу" құрамасында өткізіп, 2011-2014 жылдар аралығында Қарағандылық "Шахтер" клубында ойнады. 2015 жылы "Атырау"-ға ауысып, 2016 жылы Қарағандылық "Шахтер" клубына қайтіп келді. 2017 жылдан бастап қазірге дейін Қызылордалық "Қайсар" футбол командасында өнер көрсетеді.

Ұлттық құрама Мақсат Байжанов ұлттық құрамадағы мансабын 29 қаңтар 2005 жылы Японияға қарсы матчында бастады.

Статистика Клубтық 2002-2014 жж: 350 матчта 35 гол соққан. Ұлттық құрама 2002-2014 жж: 20 матчта гол соқпаған.

Жетістіктер Клубтық Локомотив Қазақстан чемпионатының күміс жүлде иегері: 2009 Ақтөбе Достастық кубогінің финалисті: 2010 Қазақстан суперкубок иегері: 2010 Шахтер Қазақстан чемпионы(2): 2011, 2012 Қазақстан кубогінің иегері: 2013 Қазақстан Суперкубок иегері: 2013 Өзіндік Қазақстан Премьер-лигасының үздік 22 ойыншыларының бірі(4): №1 (2006, 2008), №2 (2007, 2009) ҚФФ "Үздік жартылай қорғаушы" премиясының лауреаты: 2008 Сілтемелер

Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:1984 жылы туғандар Санат:Қайсар ФК ойыншыларыСанат:Ақтөбе ФК ойыншыларыСанат:Жетісу ФК ойыншыларыСанат:Атырау ФК ойыншыларыСанат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншыларыСанат:Астана ФК ойыншылары Санат:Алфавит бойынша футболшылар