Алтайлықтар — Ресейдің Алтай Республикасының байырғы халқы. Өз атаулары — алтай кижи. Түркі тектес халық. Хакас пен қырғыз тілінің аралық тіліне ұқсайтын тілде сөйлейді. Алайда бұл тілде моңғол тілінің әсері басым.
Эндоэтнонимдері Ескірген орыс жалпы эндоэтнонимі – «Алтай татарлары». Ресей империясындағы оңтүстік алтайлықтар «ақ қалмақ», «алтайлықтар», «таулықтар», «шекаралықтар», «бийліктер» деп аталды. Ресей империясындағы солтүстік алтайлықтар «қара татарлар» деп аталды.
Орыс тілінде – «Алтайцы»; қытай тілінде - «阿爾 泰人»; ұйғыр тілінде - «ﺋﺎﻟﺘﺎﻱ ﻣﯩﻠﻠﯩﺘﻰ»; татар тілінде – «Алтайлар»; якут тілінде – «Алтайдар»; түрік тілінде – «Altaylar»; әзірбайжан тілінде – «Altaylar»; өзбек тілінде – «Oltoylar»; украин тілінде – «Алтайці».
Этногенезі Алтайлықтар үш ғасырға жуық Ресей мемлекетінің құрамында Сібірдегі орыс шаруа халқымен тығыз байланыста дамып келе жатқан тайпалық-территориялық топтардың бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Алтай халқының құрамына: тубалар, челкандар, құмандиндер (алтайлардың солтүстік тобы) және алтай-кижілер, теленгіттер, телелер және телеуттер (оңтүстік тобы) бірлестіктері кірді. Бұл бірлестіктердің барлығы ХVII-ХIХ ғасырларда олардың қоныстануының қазіргі аумағында қалыптасқан. Олардың құрамына түркі тілін жетік меңгерген гетерогенді тайпалық топтар (самоди, кет, моңғол) және түркітілдестер кірді.
Субэтносы Алтайлықтардың 2 негізгі этнографиялық тобы: Оңтүстік алтайлықтар. (алт. алтай-кижи - алтай адамы) немесе алтайлықтар. Оңтүстік-алтай тілінде (1948 жылға дейін ойрат тілі деп аталған) сөйлетіндер. Этнографтар оұтүстік-алтай тілін түркі тіліндерінің қырғыз-қыпшақ тобына жатқызады. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін орыстардың ортасында "алтай татарлары" атауы кеңінен қолданған.
Cолтүстік алтайлықтар. Этнографтар солтүстік-алтай тілін түркі тілдерінің солтүстік-алтай тобына, ал кейбір ғалымдар түркі тілдерінің хакас тобына жатқызады. Революция алдындағы әдебиеттерде солтүстік-алтайлықтарды (тубаларды) "черневые татары" деп атаған. Ғалымдар оңтүстік және солтүстік-алтайлықтардың тілін, мәдениетін, тұрмысын, антропологиясын салыстыра отырып үлкен айрмашылықтарды байқамаған.
Нәсілі нобай|оңға|180px|Алтайлық Моңғолоид нәсілінің тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілге жатады.
Сырт келбеті Бұл халық моңғолоидтық топқа жатады. Алтайлықтар қысқа бойлы, сымбатты денелі. Әртүрлі этникалық топтардың өкілдері бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін, бірақ олардың барлығында келесі белгілері бар: қара тері; тар көз пішіні; қатты қара шаш; тегіс бет; көрнекті бет сүйектері; толық еріндер.
Тілі Тілдері түркі тілдерінің шығыс тармағындағы қырғыз-қыпшақ тілдеріне жатады. Алтай тілі оңтүстік және солтүстік диалектілерге бөлінеді. Әдеби тілінің қалыптасуында оңтүстік диалектілердің ықпалы басым болды. Өзге түркі тілдермен салыстырғанда фонетика жүйесінде созылыңқы дауыстар көбірек, лексикасында моңғол тілінің ықпалы басым болды.
Жазуы Алтай халқы 1928-38 жылы латын әліпбиін қолданған, 1938 жылдан бері кириллица графикасына негізделген жазуды пайдаланады. Алтай әліпбиі орыс графикасына негізделген және 37 әріптен тұрады: Аа Бб Вв Гг Дд Jj Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Лл Мм Нн Ҥҥ Оо Öö Пп Рр Сс Тт Уу Ӱӱ Фф Хх Цц Чч Шш Щщ Ъъ Ыы Ьь Ээ Юю Яя
Діні Алтай халықтарының діні көп қырлы құбылыс. Көбінесе алтай діні бірнеше симбиоз болып табылады.
Бақсылық. Алтай халқының дәстүрлі діні – бақсылық. Бүгінде Алтайда бұл бағытты ұстанушылар аз қалды. Жергілікті шаманизмде жазбаша канондар жоқ және оның идеялары мен рәсімдері ауызша беріледі. Мұндағы бақсыларды кама деп атайды. Олар сиқырлы рәсімдердің көмегімен адамдарды емдеу қабілетіне ие деп саналады. нобай|оңға|200px|Алтай шаманы Пантеизм. Алтайдың байырғы тұрғындарының идеяларында әлі күнге дейін пантеизм – табиғат пен Құдайдың біріккен діні байқалады. Жергілікті тұрғындар табиғатты рухани деп санайды, алайда бұл жерде пантеизмді басқа ағымдардан бөліп, оны жеке дін ретінде ажырату мүмкін емес. Керісінше, жергілікті шаманизм әрқашанда пантеизмнің белгілерін қамтылған.
Православие. Алтай тұрғындарының арасында православиелік шараны ұстанушылар бар. Алтайда православие 1828 жылы Алтай рухани миссиясы құрылған кезде тарай бастады. Кейінірек бұл миссия басқа аскеттік қозғалыстар үшін үлгі ретінде танылды. 1989 жылы Алтай өлкесінде 8 приход болған. 2013 жылы Алтай Республикасының аумағындағы приходтар Таулы Алтай Епархиясы деп аталатын дербес ұйымға бөлінді. Қазіргі уақытта алтайлықтардың шамамен 10% өздерін христиан деп санайды.
Буддизм. Ежелден бері Алтай тайпалары ұлы мәдениеттердің мұрагерлері бола отырып, буддизммен өзара әрекеттескен. Дінге бейімделудің қазіргі кезеңі будда мектептерінің ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында Алтай территориясына белсенді енуімен байланысты. 1992 жылы алтайлықтар Алтай будда қауымдастығын құрды. Будда орталықтары буддалық әдет-ғұрыптар мен рәсімдерді жүргізеді.
Ислам. Жоңғария құрамына мұсылман халықтары кірген уақытта Алтайда ислам пайда болды. 1756 жылы хандық құлағаннан кейін Алтай мұсылмандары оқшауланып, біртіндеп исламнан алыстады. Исламданудың келесі кезеңі қазақтардың аймаққа келуімен басталды, олар Оңтүстік Алтайдың шекаралық аймақтарын игере бастады. Қазір Қош-Ағаш өңірінде мешіттер салынып, мұсылман мәдениетінің ошақтары құрылуда. Сондай-ақ Таулы Алтайда Алтай мұсылмандарына арналған мешіт бар.
Бұрханизм. Бурханизм Алтайда ХХ ғасырдың басында пайда болды. Дін халықты жатжерліктердің қамытынан азат етуші – құтқарушының келуі туралы халық идеяларына негізделген. Жаңа сенім Алтай халқы үшін қиын кезеңде пайда болды. Бұл орыс шаруаларының Алтай жеріне жаппай қоныс аударған кезі еді. Орыстар байырғы тұрғындардың егіншілік жерлерін тартып алды, жергілікті халықты орыстандыру мен христиандандыру жалғасты. 1912 жылға қарай алтайлықтардың көпшілігі осы дінді ұстана бастады.
Тарихы Алтайлықтардың халық ретіндегі тарихы бүкіл Орталық Азияның өмірімен тығыз байланысты. Біздің дәуірімізге дейінгі III және II ғасырлардың басынан бастап және біздің дәуіріміздің I ғасырының соңына дейін алтайлықтар Солтүстік Моңғолияда өмір сүрген ғұндардың көшпелі империясына бағынды. Олардың орнына II ғасырдан IV ғасырға дейін халықты басқарған Сәнбилер келді. IV ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың ортасына дейін алтайлықтар Шығыс Моңғолия мен Батыс Маньчжурияда өмір сүрген жужандардың алым-салық төлеушілеріне айналды. Кейін халық түркі, ұйғыр және Қырғыз қағанаттарының құрамына кірді. нобай|солға|220px|Алтайлықтар (ХХ ғасырдың басы) нобай|оңға|220px|Ауыл тұрғындарының жиналысы 552 жылы жужан билігі ыдырап, оның орнын Түрік қағанаты басып алды. Оның орталығы бастапқыда Алтайда болған, бірақ уақыт өте келе түріктер Моңғолияға қоныс аудара бастады, ал VI ғасырдың жетпісінші жылдарына қарай олардың аумағы батысқа қарай Амударияға, Кавказ таулары мен Арал теңізіне, ал шығысқа қарай Хинган жотасына дейін кеңейді. Қағанат 588 жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп, 630 және 659 жылдары Қытай жаулап алған.
X ғасырдың басында алтайлықтардың үстемдігі қырғыздардан қытай немесе қара қытай деп те аталатын көшпелі Қидан тайпаларына өтті. Алайда, жаңа жаулап алушылардың күші ұзаққа созылмады: XII ғасырда моңғол тілінде сөйлейтін наймандар пайда болды. Жергілікті тұрғындар наймандарға алым төлеуге мәжбүр болды және бұл жағдай 1204 жылға дейін созылды. Осы уақытта наймандарды моңғолдар талқандады.
XV ғасырдың ортасында алтайлықтар ойроттар деп аталатын Батыс моңғолдардың иелігіне айналды. XVII ғасырдың 30-жылдарынан бастап Батыс моңғолдар жоңғар атауын ала бастады. XVII ғасырдың аяғында солтүстік алтайлықтар Мәскеу патшасына бағынышты болды. 1756 жылы солтүстік алтайлықтарға Оңтүстік өкілдері – алтай кижи, телеуттер мен теленгиттер қосылды. Осы кезден бастап бүкіл этнос Ресейдің құрамына кірді.
Кейіннен алтайлықтардың бүкіл өмірі Ресей империясымен, содан кейін Кеңес Одағымен тығыз байланысты болды. Алтай өлкесінің халқы 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясына қатысып, кейін ақпан, қазан төңкерістеріне қосылды. Алдымен 1922 жылы Алтай Республикасы Ойрот автономиялық облысы болып құрылып, кейін Таулы Алтай автономиялық округі деп аталды. 1991 жылы, Кеңес өкіметінің өмір сүруінің соңында бұл аумақтық-мемлекеттік құрылым Таулы Алтай КСРО деп атала бастады, тек 1992 жылы өзінің қазіргі атауы - Алтай Республикасы деп аталды.
Кәсібі Солтүстік Алтайлықтардаң дәстүрлі кәсібі - мал шаруашылығы, аң аулау, аздап егіншілік, балық аулау. Солтүстік Алтайлықтар үшін ең алдымен тұяқты жануарларды, ал орыстардың келуімен терісі бағалы аңдарды да алым-салық төлеу және сату мақсатында аулаудың маңызы зор болды. Бұлғын санының төмендеуімен тиін жетекші орынға ие болды. Сонымен қатар, олар балық аулау және терушілік жұмыстарымен айналысты. Балықтардың ішінде ленок, омул, ақ балық ерекше бағаланды. Жинаудың негізгі өнімдері қарағай жаңғағы, жидектер, жеуге жарамды папоротник (колба), әртүрлі тамырлар, сондай-ақ кенеп жасауға арналған жабайы қарасора болды. нобай|оңға|200px|Шөп шабу (1934) Солтүстік алтайлықтар ежелден темір ұсталығымен айналысқан. Металдардан, ең алдымен, көрші халықтарға сатылатын қару-жарақ жасалды. Өлкеде өнеркәсіптік металлургияның қарқынды дамуына байланысты XVIII ғасырдың аяғында бұл сала ақыры жойылып, әйелдер тоқумен, киім-кешек, аяқ киім тігумен айналысқан.
Оңтүстік алтайлықтар жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты, жылқы, ірі қара және ұсақ мал өсірді, таулы орман мен далада аң аулады. Қарабайыр жер өңдеу қосалқы сипатқа ие болды. Оңтүстік алтайлықтар балық аулаумен аз ғана айналысты.
Солтүстік Алтайлықтар мал шаруашылығымен айналысты, негізінен қой мен жылқы, кейде ірі қара мал өсірді. Жерді кетпенмен өңдеп, негізінен арпа өсірді. Егінді кейде арамшөптер басып, егінді қолмен жинады.
Алтайлықтар ежелден металдан жасалған бұйымдарды көркем өңдеудің әртүрлі тәсілдерін білген: құю, чекандау (шеку), ою, күмістеу, кертіп ою т.б. Ағаш шеберлері ағаштан ыдыс-аяқ, жиһаз, киіз үй қаңқасы, ер-тоқым жасады. Металл өңдеу шеберлері (темір ус) халық арасында үлкен құрметке ие болды. Ер-тұрман шеберлері де халық арасында атақ пен құрметке ие болды. Бұйымдармен жұмыс істеу барысында ер-тұрман шеберлері теріні пішу, тігу, бедер, кесте және аппликация арқылы сәндік әрлеу жұмыстарын жүргізді. Былғарыдан киім, аяқ киім тігу, ат әбзелдерін, қамшы, сөмке және басқа бұйымдар жасау үшін пайдаланылды.
Тұрмыс салты Алтайлар арасындағы патриархалдық-феодалдық және капиталистік қатынастар архаикалық тайпалық байланыстармен ұштасады. Барлық тайпалық және аумақтық топтар руларға - сёоки бөлінді. Ру ішінде туыстық аталық тегіне негізделді, ал туылу экзогамдық болды. Ең берік рулық байланыстар Солтүстік алтайлықтарда сақталған. Алтайлықтардың барлық топтарына рулық ынтымақтастық, өзара көмек, рулық культтердің (тауларға табыну, от культі) жекелеген қалдықтары туралы идеялар тән болды. Рулық ескі қалдықтарына қалыңдықты алып қашу арқылы күйеу жігіттің туыстары қалыңмал төлеп, неке қию жатады. Күйеуі қайтыс болған жағдайда әйел оның руында қалып, оның туыстарының біріне көшкен. Отбасы, сирек жағдайларды қоспағанда, моногамды болды.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары ХХ ғасырдың басында орыстардан ағаш үйлерді қабылдай бастады. Бұған дейін алтайлықтар нақты табиғи жағдайларға сәйкес келетін тұрғын үйлерден тұратын шағын ауылдарда өмір сүрген. Оңтүстікте бұл көбінесе киізден жасалған киіз үй, солтүстікте - айл ағаш үйі болды. нобай|солға|200px|Қабық үйі. Алтай халқының дәстүрлі баспанасы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында алтайлықтардың Оңтүстік тобы тұрғын үйлердің үш негізгі түрін сақтап қалды. цилиндрлік киіз үй; конус тәрізді киіз үй; көпбұрышты қабықты киіз үй.нобай|оңға|200px|Алтай шопандарының дәстүрлі баспанасы. Айл Тұрғын үйлердің 97,4%–н көпбұрышты киіз үй, ал бөрене үйлері тек 2,4 – 2,6% -. құрады.