Алматы мемлекеттік экономикалық колледжі — экономикалық және политехникалық білім беретін мемлекеттік арнаулы орта оқу орны. Бұрынғы Алматы политехникумының (1942) негізінде 1996 ж. ҚР Үкіметінің қаулысымен қайта құрылды.
Колледж: нан пісіру, макарон, кондитерлік өндірісі; астық сақтау және өңдеу технологиясы; биохим. өндірісі; коммерция саласы; іс жүргізу және архивтану; өндірістегі тексеру; бух. есеп және экономика мамандықтары бойынша кадрлар даярлайды. Колледждің оқу-материалдық базасы, оқу-лабораториялық ғимараты, наубайхана, оргтехника шеберханасы және Қапшағайда демалыс орны бар.
Дереккөздер Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Санат:Алматы колледждері