Шәкіров Біржан Сәруарұлы (5 Қыркүйек 1953 жылы туған, Түркістан облысы Шымкент қаласы) — ғалым, техника ғылымының докторы (1994), профессор (1995).

Қысқаша өмірбаяны:

1975 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. 1975 — 1978 жылдары “Қазгипрофосфор” ғылыми-зерттек институтында ғылыми қызметкер. 1978 — 1993 жылдары Қазақ химия-технологиялық институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, декан, докторант, 1993 жылдан Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік унтверситетінде кафедра меңгерушісі.

Еңбектері: 216 ғылыми мақаланың, 2 монографияның, 1 оқулықтың, 3 әдістемелік құралдың, 15 өнертабыс пен патенттің авторы. Қазақстан комсомолы сыйлығының иегері (1986), Табиғи және техногендік қайталанбас шикізатты өңдеудің инновациялық технологиясын жасағаны және ұйымдастырғаны үшін Қазақстан мемлекеттік сыйлығын алған (2005).Қазақстан ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер: