Мұхаммед Рахым (1713, Бұхара хандығы – 24 наурыз 1758, Бұхара) — Бұхара хандығының әмірі (1755–1758), Маңғыт әулетінің негізін салушы.

Аштархан әулетінің соңғы ханын өлтіріп, 1740 жылдан Бұхара хандығының іс жүзіндегі билеушісі болды. 1753 жылы әмір лауазымын алды. Ол Бұхара хандығын Иранға вассалдық тәуелділіктен құтқарды, күшті әскер құрды. Шаһрисабз, Ургут, Жызақ, Ұратөбе, Гиссарды, т.б. бағындырды. Бұл соғыстар елдің шаруашылығына үлкен нұқсан келтірді.Қазақ энциклопедиясы, 6 том.

Дереккөздер

Санат:1713 жылы туғандар Санат:Бұхара хандығында туғандар Санат:24 наурызда қайтыс болғандар Санат:1758 жылы қайтыс болғандар Санат:Бұхарада жерленгендер Санат:Бұхара хандары Санат:Бұхара әмірлері Санат:Маңғыттар