Ишанғали Меңдіханов (1872 жыл, бұрынғы Бөкей ордасы, Қалмақ бөлімі – 1919 жыл, Бөкей губерниясы) – драматург, ағартушы, қоғам қайраткері.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9

Өмірбаяны 1885 жылы Ордадағы 2 кластық орыс-қазақ мектебін бітірген. 1886 – 1891 жылдары Орынбор мұғалімдер семинариясында оқыған. 1891 – 1898 жылдары Ақтөбе қаласындағы 2 кластық училищеде мұғалім болған. 19 ғасырдың соңында Меңдіханов Ишанғали патша әкімшілігінің және жергілікті басқарушылардың отаршылдық саясатына қарсы қазақтың ұлттық мүддесін қорғаған ашық пікірлері үшін қуғынға ұшыраған. 1898 жылы мұғалімдік қызметінен заңсыз кетірген 1899 – 1902 жылдары Ақтөбе уездік бітімші сотының тілмашы қызметін атқарды. 1903 жылы Меңдіханов Ишанғали туған еліне оралып, Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңесте кеңесші, Қамыс – Самар болысы басқарушысының көмекшісі болды. 1917 жылы ақпан төңкерісінен соң Уақытша үкіметтің жергілікті комиссарының көмекшісі қызметін атқарды. 1918 жылы Ордада Кеңес үкіметі билікке келгеннен кейін Бөкей әскери төңкеріс комитеті баспасөз бөлімінің меңгерушісі, кейіннен губерниялық ішкі істер халық комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы казак бүлікшілері қолынан қапыда қаза тапқан.

Шығармашылығы Шығармашылық қызметі 1910 жылдан бастау алады. Дүмше молдаларды сынаған “Малдыбай” (1912) пьесасы баспасөзде жарияланып, әуесқой театр сахнасында қойылған. “Ғалым иесі” “Байғұстар” “Тамырлар” пьесалары Орынбор, Қазан, Ташкент қалалары сахналарында көрсетілген. 1920 жылы Семей қаласының драма труппасы Меңдіханов Ишанғалидың “Малдыбай”, “Үйшік-үйшік” пьесаларын сахналаған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:1872 жылы туғандар Санат:Бөкей ордасы ауданында туғандар Санат:1919 жылы қайтыс болғандар Санат:Бөкей ордасы ауданында қайтыс болғандар Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Орынбор мұғалімдер семинариясы ьүлектері