Венерн (Vnern) — Швецияның оңтүстігіндегі көл.
Аумағы 5,5 мың км². Ұзындығы 140 км шамасында, енді жері 80 км-дей, ең терең жері 100 м. В. көлі 44 м абсолюттік биіктіктегі тектоникалық қазаншұңқырда жатыр. Жағасы жайпақ, қатты тілімделген, аралдары көп. Венернге бірнеше өзендер құйып, одан Гета-Эльв өзені ағып шығады. Айдыны желтоқсан-қаңтарда қатып, сәуірде мұзы ериді.
Оңтүстігінде жатқан Веттерн көлімен және Балтық теңізімен каналдар арқылы жалғасқан. Венернде Стокгольм-Гетеборг кеме қатынасы бар. Көл жағасындағы басты қалалар: Карльстад, Мариестад, Венерсборг.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Дереккөздер
Санат:Швеция көлдері