Бұлтың — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Орта жүздегі қыпшақ тайпасынының бір тармағы қарақыпшақтан таратылады. Бұлтың руынан Биболат, Ағыс, Сары, Шуақ аталары тарайды. Ұраны — Ойбас, таңбасы — қос әліп.

Территориясы Тарихи қонысы — Сарыарқа өңірі, яғни Есіл және Тобыл өзендерінің бойы. Қазіргі таңда бұлтың руының ұрпақтары негізінен Павлодар облысында, сондай-ақ Ақмола мен Қостанай облыстарында тұрады.

Рулық белгісі Рудың таңбасы — қос әліп (екі «А» таңбасы). Ұраны — Ойбас.

Тұлғалар Кеңес Аманұлы Әубәкіров - Қазақстанның 13 шақырылым Жоғарғы Кеңес депутаты. Нұрлан Қабыкенұлы Әутәліпов Ғалия Құсайынқызы Балтабаева Хатип Қабиұлы Демесінов - Қазақстанның 10 шақырылым Жоғарғы Кеңес депутаты. Ғалымбек Жұматов Қабдылғалым Насырұлы Қаржасов Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қайыржан Шәбенұлы Шәбенов - Қазақстанның 12 шақырылым Жоғарғы Кеңес депутаты.

Дереккөздер Қазақ энцклопедиясы II том Бұлтың руының шежіресі (оқу материалы) Павлодар өңірінің этнографиялық деректері

Санат:Қазақ рулары