Қапал – Қызылжар тауларының шығысындағы шоқылы тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Киік ауылының солтүстік-батысында 5 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 963 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 8 – 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 – 5 км шамасында.

Жер бедері, геологиясы Солтүстік беткейі тіктеу, оңтүстігіне қарай көлбеуленіп жазыққа ұласады. Төменгі тас көмір кезеңі жыныстарынан түзілген. Гранитті, жалаңаш жақпартасты келеді.

Өсімдігі Сай-жыраларындағы құнарсыз топырағында селеу, бетеге, көкпек] жусан, бұталар өседі. Беткейі мал жайылымы. Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары