Жоламан — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл, Жоламан ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Сарыөзек ауылынан батысқа қарай 34 км-дей жерде, Малайсары жотасының оңтүстік етегіндегі жусан, селеу, боз өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен16841505 1259 83,7 786 655 83,3 719 604 84
Тарихы Іргесі 1961 жылы Жоламан қой өсіру кеңшарының құрылуына байланысты қаланған. Оның негізінде Жоламанда 1997 жылдан серіктестіктер мен шаруа (фермер) қожалықтары құрылған.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері