Шолақсай — Қостанай облысы Науырзым ауданындағы ауыл, Шолақсай ауылдық әкімдігі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қарамеңді ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км-дей жерде, Бошай тауының солтүстік етегінде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1901 жылы қаланған. 1975 жылы ауыл астық өсіретін «Шолақсай» кеңшарының орталығына айналды. 1996 жылы кеңшар негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том..

Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1791 адам (874 ер адам және 917 әйел адам) болса, 2009 жылы 1780 адамды (861 ер адам, 919 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Дереккөздер

Санат:Науырзым ауданы елді мекендері