thumb|right|200px| Муслим ибн әл-Хәджадж, көбірек қолданылатыны - Муслим (), (202 немесе Һиджра бойынша 206—261, Григориан күнтізбесі бойынша 821 — 875) — біртуар Ислам қайраткері, ең танымал хадистер жиынтығының авторы — Сахих Муслим. Толық аты — Муслим ибн әл-Хәджадж ибн Муслим әл-Қураши ән-НайсабуриМуслим ибн Хаджадж «Ислам энциклопедиялық сөздігі» А. Али-заде, Ансар, 2007 ж..
Өмірбаяны Муслим ибн әл-Хәджадж Нишапур атаулы парсы қаласында туған. Алғашқы білімін жергілікті дін ғалымдарынан алған. Муслимнің әкесі Хәджадж - хадистер жинаушы болған. Оның арқасында, Муслим жас кезінен хадис үйрене бастаған. Кейіннен, Мұхаммед пайғамбардың һадистерін жинау үшін, ол Таяу Шығыс елдеріне аттанады — Ирак (Бағдатқа кіреді), Мысыр, Хиджаз. Муслимнің мұғалімдерінің арасында, әл-Бұхари, Абдуллаһ ибн Масләмә әл-Канаби, Хармала ибн Йахйа, Ахмад ибн Юнус секілді керемет ғалымдар болған. Ол да мухаддис болған. Одан хадис үйренгендер - Әбу Ауана Яқуб ибн Исхақ әл-Асфараини, Әт-Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал.
Муслим еңбектері «әл-Муснад ас-Сахих» «ат-Табақат» «аль-Асма уәл-Куна» «ат-Тамйиз» «әл-Мунфаридат әл-Уихдан» «Суаләт әл-имам Ахмад» «Аухам әл-мухаддисин» «Аулад әс-сахаба» «Афрад әш-шамиин» «аль-Ақран» «Машаих Малик» «Машаих Шуғба». «Машаих әс-Сәури» «аль-Мухадрамин» «аль-Интифа би унуб әс-сиба»
Қызықты мәліметтер Муслимнің оқушыларына көптеген хадис үйретуіне орай оның бір оқушысы күмәні жоқ (сахих) хадистерді жеке бір кітапқа топтастырып жазғанын сұраған екен, сол себептен Муслим «аль-Муснаду-с-сахих» атты кітабына сахих хадистерді жинап топтап жинайды.Хатиб аль-Багдади в книге «Тариху-ль-Багдад» (4-ый том 186-ая страница) отметил, что этим учеником являлся Ахмад ибн Саляма ан-Нисабури..
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Сахих Муслима — Коллекция афоризмов
Санат:817 жылы туғандар Санат:821 жылы туғандар Санат:Нишапурде туғандар Санат:6 мамырда қайтыс болғандар Санат:875 жылы қайтыс болғандар Санат:Нишапурде қайтыс болғандар Санат:Ислам дінтанушылары Санат:Хадистер жинағының авторлары Санат:Фақихтер Санат:Ислам тарихшылары