Иштуан қасиетті, Қасиетті Стефан Қ (970 жылы ш. – 15 тамыз 1038) – Мажарстан корольдігінің тұңғыш королі (1000 жылдан). Арпадтар әулетінен шыққан. Елдегі тайпалық бірлестіктерді жойып, оның орнына мемлекетті аймақтық-әкімшілік округтарға – корольдік комитаттарға бөліп, оларды өзі тағайындаған ишпандарға басқартты. Мемлекетті ұстап тұру үшін христиан дінін күшпен енгізді және өз жақтастарына ірі жер иеліктерін берді. 1030 жылы неміс әскерлерінің Венгрияға шабуылын тойтарды.“Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 4– том

Дереккөздер

Санат:960 жж. туғандар Санат:15 тамызда қайтыс болғандар Санат:1038 жылы қайтыс болғандар Санат:Эстергомда тәж кигізілгендер Санат:Секешфехерварда жерленгендер Санат:X ғасырдағы еуропа билеушілері Санат:XI ғасырдағы Еуропа билеушілері Санат:Арпадтар Санат:Мажарстан әулиелері Санат:Католик әулиелері Санат:Православ әулиелері Санат:XI ғасырдағы христиан әулиелері Санат:Каноникаландырылған монархтар Санат:Өсиетшілер Санат:Эстергом тұлғалары