Ланди (, ) — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Аквитания аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 40. Әкімшілік орталығы — Мон-де-Марсан. Халық саны 327,3 мың адам (департаменттер арасында 68-ші орын, 1999 ж.).
Тарихы Ланди — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Гиень және Гасконь провинцияларының аймақтарында пайда болған.
Географиясы Жер аумағы 9243 км² — бұл көрсеткіш бойынша Франция континенталды департаменттері арасында екінші орын алады. Ланди аумағында жерінің 67 %-ын құратын Францияның ең ірі орманды массивтері орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 2 округ, 30 кантон және 331 коммунаны қосады.
Экономикасы Ланди өзінің орман шаруашылығымен танымал.
Тағы қараңыз Ланди департаментінің коммуналары
Сілтемелер Префектура сайты (французша) Қорғаудағы ормандар
*