Территория-де-Бельфор () — Францияның шығысындағы департамент, Франш-Конте аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 90. Әкімшілік орталығы — Бельфор. Халық саны 142 мың адам (департаменттер арасында 95-ші орын, 2009 ж.).
Географиясы Жер аумағы 609 км².
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі Департамент 1 округ, 15 кантон және 102 коммунаны қосады.
Тарихы Территория-де-Бельфор департаменті 1922 жылы құрылды.
Туризм Департаментте өте көптеген әрқилы ландшафттық және пейзаждық орындар бар. Ең маңыздылары - Бельфор арыстаны, Вогездар шыңы (), Вогездар таулы массив, Мальзоси ірі көлі.
Тағы қараңыз Территория-де-Бельфор департаментінің коммуналары
Сілтемелер Préfecture website Conseil général website Tourist Office website
*