Әтіркүл Жұмабайқызы Дүйсекенова (1940 жылы туған, Жуалы ауданы Ынтымақ ауылы) – театр артисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1986).

Өмірбаяны 1958 ж. орта мектепті бітіргеннен бастап облыстық драма театрында актриса болып еңбек етіп келеді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Рольдері Гогольдің «Ревизорында» Мария Антоновна М.Шолоховтың «Тынық Донында» Ильинична М.Әуезовтің «Еңлік Кебегінде» Еңлік «Қаракөзінде» Қаракөз, «Айман-Шолпанында» Айман Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Баян т.б. 70-ке жуық рөлдерде ойнап, өзінің талант қуатын көрсетті.

Оның сахнадағы оттылығы, жігерлілігі, сергектігі көрерменді ерекше қызықтыратын. Дүйсекенова жан-жақты талғампаз өнер иесі. Өзінің сахнада сәнді жүре білуімен, ішкі мәдениеті арқылы әсем көрініс сыйлайтын даралығымен, қимыл мен сөз мәнерін қиыннан қиыстыратын тапқырлығымен таңдандыра білген табиғи талант.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:1940 жылы туғандар Санат:Жуалы ауданында туғандар Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері