Иснад (, тірек, шығу тегі) — мухаддистердің арасында хадистің оны жеткізетін ететін адамдарға қатысыإسناد — «Муғджам әл-уасит», хадистің мәтіні негізделетін риуаятшылар тізбегі. Мысалға Сахих әл-Бұхариде келетін нөмірі 56 хадис: Мұхаммед әл-Бұхари Сүлеймен ибн Харбтан, ол Қатададан, Қатада Әнәс ибн Маликтен, ол Мұхаммед пайғамбардан, пайғамбар айтты: «Иманның дәмін үш қасиеті бар адам сезеді...». Бұл жерде иснад әл-Бұхариден басталып «пайғамбар айтты» сөзіне дейін, ал «Иманның дәмін үш қасиеті бар адам сезеді...» деген сөз хадистің матны басталатын жер.

Сүннеттің сақталуын қамтамасыз ету үшін Ислам ғұламалары хадистердің иснадындағы адамдарды үлкен сөздіктерге («Кутуб әр-риджәл» — «Ер адамдар туралы кітаптар») жинап, хадистердің иснады мен матндарына көп мән берген. Абдуллаһ ибн әл-Мубарак айтқан: Иснад — діннен, егер иснад болмағанда, әркім қалаған затын айтар еді Иснадтағы адамдар арқылы хадистің сахих (сау), хасан (жақсы) немесе даиф (әлсіз) екенін ажыратуға болады«Вступление в науку хадиса» — Абу Абдуррахман ад-Дагестани; Islamhouse.com.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Хадис Сүннет

Санат:Хадистер