Әбул-Фадл Мұхаммед ибн Мукрим ибн Әли Джамалуддин ибн Манзур әл-Ансари әр-Руайфиғи әл-Ифриқи (, 1232—1311) — әдебиетші, тарихшы, фиқһ пен араб тілінің ғалымы, ең атақты еңбегі араб тілінің «Лисан әл-Араб» («араб тілі») түсіндірме сөздігі. Оның туған жері туралы тарихшылар арасында келіспеушіліктер бар: біреулер оны Тунистегі Қафса (Гафса) қаласында, басқалары Ливияның Триполи қаласында туған дейді. Басқалары оны мысырлық санайды. Руайфиғ ибн Сәбит әл-Ансаридің ұрпағынан шыққан деп есептелінеді.
Абдуррахман ибн әт-Туфайлдан, Мұртаза ибн Хатимнен, Әбул-Хасан Әли ибн әл-Муқир әл-Бағдадиден сабақ алған. Әл-Қаһирада кеңсе басқармасында қызмет атқарып, артынан Триполидің қазысы болып тағайындалады. Өмірінің соңғы жылдары соқырлыққа душар болып, һижри 711 жылы (1311) Шағбан айында Мысыр жерінде қайтыс болады.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Араб тілі Лисан әл-Араб
Санат:Араб тілі ғалымдары Санат:Ислам тұлғалары Санат:1232 жылы туғандар Санат:1311 жылы қайтыс болғандар