Махамбетәлі ЕшниязовҚазақ энциклопедиясы - Социалистік Еңбек Ері (23 шілде, 1948 ж.), шопан. 1897 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған

Еңбек жолдары 1917 жылға дейін жергілікті байлардың жалшысы болды. 1932 жылы «Жаңа құрылыс» колхозына кіріп, онда 1957 жылға дейін аға шопан болып істеді. «Приаральск» совхозында қой фермасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1947 жылы отарындағы 405 қазақы тұқымды саулықтан 605 қозы өргізді. Ал отарындағы әр қойдан қырқылған жүннің мөлшері бойынша колхоздағы ең жоғары көрсеткішке жетті.Тынымсыз еңбектердің іс-әрекеті зор табысқа жеткізді.

Наградалары Ленин ордені "Еңбек Қызыл Ту" ордені Социалистік Еңбек Ері (23 шілде, 1948 ж.) Медальдар Мақтау қағаздары

Дереккөздер

ЕШНИЯЗОВ МАХАМБЕТӘЛІ// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева

Санат:Социалистік еңбек ерлері