thumb|Алғашқы жер жыртуСовхоз (советтік шаруашылық)ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - КСРО ауыл шаруашылығындағы жоғары сапада тауар өнімін өндіретін механикаландырылған социалистік мемлекеттік кәсіпорын. Ол жерге және басқа да өндіріс құрал-жабдығына мемлекеттік (жалпы халықтық) меншік негізінде құрылған, шаруашылық есеп бойынша жұмыс істеген.

Совхоздардың құрылуы Совхоздар 1917 жылы 27 қазанда ( 9 қарашада) қабылданған Жер туралы декрет жарияланғаннан кейін құрыла бастады. Алғаш құрылған мемлекеттік жылқы зауыттары іс жүзінде тұңғыш совхоздар болды. 1918 жылдан бастап әр түрлі мамандандырылған совхоздар құрыла бастады. 1919 жылы социалистік жерге орналастыру туралы және социалистік егіншілікке көшу туралы ережеде совхоз құрылысының негізгі міндеттері белгіленді.

Қазақстанда ұйымдастырылған тұңғыш советтік шаруашылықтар 1923 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданындағы "Құрмет белгісі" орденді Ленин совхоз техникумы. 1924 жылы Шымкент облысының "Мақтаарал" совхозы. 1928 жылы Қостанай облысының "Казахстанец", Семей облысының "Қызыл Қазақстан", Ленин атындағы және "Тасбұлақ", Шымкент облысының "Түлкібас" совхоздары. 1929 жылы Республикада 16, 1931 жылы 30, 1932 жылы 38, 1935 жылы 45 совхоз құрылды. 1940 жылдың аяғында совхоздар саны 194-ке жетті. Олардың саны Павлодар (23), Орал (22), Қостанай (21), Шымкент (15), Солтүстік Қазақстан (13), Ақтөбе (12), Жамбыл (11) және Семей (11) облыстарында біршама көбірек болды. 1941-1953 жылдар ішінде 53 совхоз құрылды. 1954 жылда республиканың тың және тыңайған жерлерінде 500-ден астам жаңа совхоздар ұйымдастырылды. 1960-1970 жылдар бойына суармалы жерлерді пайдалануға байланысты көптеген совхоздар құрылды.

ҚазССР-і совхоздарының даму көрсеткіштері 1984 жылғы мәлімет бойынша Қазақстан совхоздарының жалпы саны: 624-і қой өсірді 620-сы астық егумен айналысты. 53-і ет және сүт бағытындағы мал өсірді 110-ы көкөніс-картоп екті. 64-і шошқа өсірді. 63-і құс өсірді 28-і мақта егумен айналысты. 37-і қызылша екті. 25-і жеміс-жидек егумен айналысты. 75-і ғылым мен оқу орындарына қарады.

Дереккөздер

Санат:Ауыл шаруашылығы Санат:Еңбек Санат:Тарих