Мұстафа Төлепұлы ҚазыбековҚазКСР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері(1966), КСРО құрметті теміржолшысы(1942), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1971), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы(1960). 27 желтоқсан 1904 жылы қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданында туған.
Еңбек жолдары 1918 жылы еңбек жолын дәнекерші көмекшісінен бастаған ол бүкіл өмірін Қазақстанның темір жол транспортын өркендетуге арнады. 1923-1926 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінің жұмысшы факультетінде оқыды. 1930-1932 жылдары Новосибирскідегі темір жол транспорты институты жанындағы жол құрылысы басшы кадрларын дайындайтын 2 жылдық курста оқыды. 1932-1939 жылдары Шымкент, Жамбыл, Шу стацияларында құрылыс бөлімшелерін басқарды. 1939-1947 жылдары Түрксиб жол құрылысы тресін басқарды. 1947-1969 жылдары КСРО транспорт құрылысы министрлігі "Казахтрансстрой" тресінің бастығы болды. Оның басшылығымен Мойынты -Шу, Балқаш - Саяқ, Ақтоғай - Дружба, Жамбыл - Жаңатас темір жол желілері және жүздеген км қосалқы жолдар, ондаған станция, вокзал, аурухана, өндірістік және мәдени-тұрмыстық нысандар, тұрғын үйлер салынды. Ол Алматыда және республиканың басқа да қалаларында бірсыпыра ірі де бірегей құрылыстарды салуға үлкен үлес қосты. 5,7,8- сайлауларда ҚазКСР Жоғарғы Советінің депутаты және оның Президиумының мүшесі болды.
Жетістіктері 1942 жылы - КСРО құрметті теміржолшысы. 1971 жылы - КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1960 жылы - Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген құрылысшысы.
Марапаттары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері(1966) Медальдар
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары