Хаффингтон Пост — Арианна Хаффингтон, Кеннет Лерер, Эндрю Брейтбарт және Джона Перетти құрған америкалық онлайн-БАҚ, агрегатор және блог. Сайтта авторлық немесе көшірілген саясат, бизнес, көңіл көтеру, технология, мәдениет және басқа да салалардың жаңалықтары жарияланады.
«Хаффингтон Пост» 2005 жылдың 9 мамырында Drudge Report-тың баламасы ретінде іске қосылды. 2011 жылдың 7 ақпанында AOL компаниясымен 315 миллион АҚШ долларына сатып аланды. Арианна Хаффингтон бас редактор болып қала берді. Хаффингтон Пост 2012 жылы Пулитцер сыйлығын алды.
Санат:Интернет-БАҚ Санат:АҚШ компаниялары